Қазақстандық оқушылардың каникул кестесі белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылындағы күзгі, қысқы және көктемгі демалыс мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады.
Екінші тоқсан да сегіз аптаға есептелген. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін өтеді.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс қарастырылған.
Үшінші тоқсан он оқу аптасын қамтиды. Көктемгі демалыс 22–28 наурыз аралығында болады.
Төртінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Сонымен қатар министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті.