Қазақстандық кәсіпкерлерді Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясына шақырды

Қазақстандық кәсіпкерлерді Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясына шақырды
Фото: gov.kz

Бұл – екі елдің арасындағы сауда қатынастарын нығайтудың тамаша мүмкіндігі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында биылғы жылы 1-2 сәуір аралығында өтетін сауда-экономикалық миссияның ұйымдастырылатыны туралы хабарлады.

Іс-шара қазақстандық кәсіпорындар мен қытайлық сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатуды көздейді. Қатысушылар Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту мақсатында екіжақты кездесулер өткізе алады.

Ведомствода атап өткендей, қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдың перспективалы нарығына шығуға, халықаралық ынтымақтастықты жолға қоюға, өз өнімдері мен қызметтерін әлеуетті серіктестерге таныстыруға бірегей мүмкіндік алады.

Миссияға қатысу үшін 28 ақпанға дейін (сағат 18:00-ге дейін) сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет.

Қосымша ақпаратты +7(7172)76-88-26 (ішкі 331), +7(7172)76-86-01 (ішкі 334), +7(7172)76-85-20 (ішкі 164) телефон нөмірлері арқылы алуға болады.