Қаңтар айында 134 мыңға жуық қазақстандық ҰБТ-ны тапсырды

Қаңтар айында 134 мыңға жуық қазақстандық ҰБТ-ны тапсырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

100 мыңнан аса оқушы мемлекеттік тілде тапсырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, талапкерлердің 76,4 пайызы қазақ тілінде, 23,5 пайызы орыс тілінде, 83 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 77,5 пайызға жуық талапкер жинады. Орташа бал 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 18 пайызы тапсырды. «Математика-Физика» пәндерін 17 пайыз таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12 пайызы таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді.  Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған, – делінген хабарламада.

2024 жылғы қаңтар ҰБТ-сының қорытындысы бойынша талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнін жоғары деңгейде тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 78 пайызына дұрыс жауап берілген.