Аққулыда мас күйінде мотоцикл айдаған жүргізуші жазаланады
Іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауданының Қарақала ауылында ИЖ-Юпитер мотоциклінің жүргізушісі ұсталды.
– Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Куәландыруға сәйкес ол мас күйінде болғаны анықталды. Бұзушылық үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді,– деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.
Ал, Екібастұз қаласының Б.Момышұлы көшесін патрульдеу барысында полиция ротасының қызметкерлері көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның MGS маркалы көлігін жүргізу фактісін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Онда елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, не он тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделген. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.