Қырғызстанда топырақ көшкіні жүріп, 18 үйдің тұрғындары эвакуацияланды
Қырғызстанның Ош облысы Өзген ауданында көшкі жүріп, шамамен 1 млн текше метр топырақ түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар-ға сілтеме жасап.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көшкін жүрген жерден 300 метр қашықтықта орналасқан 18 үйдің тұрғындары эвакуацияланды.
«Өзген аудандық Қоғамдық қауіпсіздік қызметі дабыл қағып, алдын алу шараларын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Топырақ көшкіні қаупі 2017 жылдың көктемінен туындап келеді. Елдің ТЖМ Мониторинг және болжау департаментінің қызметкерлері 2022 жылдың 5 қыркүйегінде 18 үйдің тұрғындарын қауіпсіздік мақсатында көшіру туралы шешім шығарған болатын.