Үндістанда алтын қорының үлесі күрт артты
Үндістан геосаяси тәуекелдері мен активтерді тоқтату мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық жағдайында шетелдегі сақтау қоймаларынан алтын қорын қайтару процесін жеделдетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Report агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Үнді экономистерінің пікірінше, бұл саясат бірнеше факторға байланысты. Олардың қатарында шетелдік активтерге тыйым салу қаупі, сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі бар. Осының аясында Үндістан билігі экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және сыртқы сақтау орындарына тәуелділікті азайтуға ұмтылуда.
Оның үстіне Үндістанның өзінде алтынға деген қызығушылық артып келеді. Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша елдегі жалпы алтын тұтыну қаңтардан наурызға дейін 10,2 пайызға өсіп, 151 метрикалық тоннаны құрады.
Инвестициялық сұраныс та айтарлықтай өсті, үнді компанияларының алтынға салған инвестициясы бір жылда 52% өсіп, 82 тоннаға жетті.
Сарапшылар үнді инвесторларының алтынға деген қызығушылығы одан әрі жалғасады деп болжайды.