Қызылжар ауылындағы медбикелер қиналуда

Қызылжар ауылындағы медбикелер қиналуда

Ертіс ауданының іргесіндегі ауыл тұрғындары шұғыл жағдай кезінде жедел-жәрдемге емес, жергілікті дәрігерлерге хабарласады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Ертіс ауданының тұрғындарының облыс әкімімен кездесуінде Қызылжар ауылының тұрғыны Сәния Жұмабайқызы медицина мәселесін көтерген болатын. Ауданда халық саны бойынша ең ірі ауыл бұл - Қызылжар. Ауылда 1120 адам тұрады. Құрылыс жүретін жерлерде көбіне Өзбекстаннан келген жұмыскерлер еңбек етеді. Сондықтан да жарақаттар өте жиі кездеседі. 

Қызылжар ауылы ең жақын жедел жәрдем станциясынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Бірақта ауыл тұрғындары кез-келген жағдайда жергілікті дәрігерлерге хабарласады. Сол себептен Қызылжар ауылының дәрігерлері бүкіл шақыртуға баруға мәжбүр. Ауыл медбикесі Сәния Жұмабайқызы адамдарға көмек көрсетуге ауыр сөмкесімен жаяу баратынын айтты. Санитарлық көлікте жабдықталмаған. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов жедел жәрдем көлігі бірінші, екінші және үшінші санаттағы – шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың шақыртуларына шығатынын түсіндірді. Төртінші санатты көмек бойынша жергілікті дәрігерлер өздері көмек береді. 

Сәния Жұмабайқызы жұмыстан тыс уақытта болатын ауыр жарақаттарды жергілікті медбикелерге жүктемей, тікелей жедел жәрдем станциясының реттеуін ұсынды. 

– Бұл сіздің кемшілігіңіз, – деді облыс әкімі аудандық аурухананың дәрігеріне. – Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сіз бәрін дұрыс ұйымдастыруыңыз керек.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Ертіс ауданының жоғары экономикалық әлеуетін атап өтіп, оны дамытудың басым бағыттарын белгіледі. Оның ішінде медициналық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға баса назар аударылды.