500-ден астам Павлодар облысының тұрғындары ЖИТС кесірінен қайтыс болды

500-ден астам Павлодар облысының тұрғындары ЖИТС кесірінен қайтыс болды
Фото: Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығынан

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ЖИТС-тен қаза тапқандарды еске алу күніне арналған акция өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Акция аясында орталықта Ашық есік күні өтуде – кез келген адам өзінің АИТВ-мәртебесін біліп, маманнан кеңес ала алады.

АИТВ облыс орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Ғалия Хасенова қатысушыларды АИТВ-инфекциясы бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдайды мәлім етті.  

– Облыста адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы  тіркелген сәттен бастап АИТВ мәртебесі бар 4,5 мыңнан астам адам тіркелді, оның 513-і  жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромынан қайтыс болды. Бұл негізінен жұмыс жасындағы жастар, – деді эпидемиолог. 

Бұл ретте, АИТВ орталығының кіреберісінде және оның айналасындағы аумақта ағаштарға ЖИТС-тен қайтыс болғандардың есімдері жазылған матадан жасалған көрпелер ілінді, олардың арасында 4, 10, 11, 12 жастағы балалар бар.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – жұртшылықтың назарын АИТВ-ның қазіргі проблемасына, АИТВ-инфекциясының алдын алу ережелерін түсіндіруге, есірткіні пайдалануды азайтуға және тұрақсыз жыныстық қатынастарды жүргізуге бағыттау. АИТВ орталығының эпидемиологтарының, психологтарының, емдеу бөлімінің күш-жігері халық арасында АИТВ-мен сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған.

Мамандар алдын алу шараларын сақтау және АИТВ-ның жай-күйін білу маңызды екенін және АИТВ-инфекциясы үш жолмен – қан арқылы, инъекциялық жолмен, тік, яғни, анадан балаға берілетінін атап өтті.