Екібастұз тұрғындарына МӘМС жайында егжей-тегжейлі айтып береді
Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, қан қысымы мен қандағы қанттың мөлшерін өлшей алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының мәліметінше, 9-10 тамыз күндері промо-акция аясында филиал өкілдері қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
– Кездесуге қатысушылар жергілікті жерде медициналық көмек алып, денсаулықтарын тексере алады: қан қысымын, қандағы қанттың мөлшерін өлшей алады, – дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шара 9 тамыз күні «Болашақ+» ойын-сауық орталығында сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін және «Уак» сауда үйінде сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін, ал 10 тамыз күні «Халықтық» фермерлер базарында 07:00-ден 11:00-ге дейін өтеді.