Сайлау туралы сұрақтарға жауап беретін Sailau AI ЖИ-көмекшісі іске қосылды
Ол орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
«SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі арқылы өзекті сұрақтарға түсінікті жауап алуға болады. Мәселен, «Үйден қалай дауыс беруге болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді. Оған Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады.
Аталмыш көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады. Ол AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген.
Sailau AI ЖИ-көмекшісі Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған.
Аталмыш көмекшіні Telegram мессенджерінен де табуға болады. Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.