«Әжем, анам және мен»: Аққулы мектебінде әулеттер арасында байқау өтті
Отбасы мүшелері түрлі өнерлерін көрсетіп, тартысқа түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аққулы ауданының Қазы орта мектебінде Аналар күніне орай үш ұрпақ сабақтастығы бойынша аудандық «Әжем, анам және мен» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға аудан мектептерінің 2-4 - сынып оқушылары өзінің ана-әжелерімен бірге қатысты. Әділ қазылар алқасының құрамына педагогикалық еңбек ардагерлер кеңесінің мүшелері кірді.
Сайыс «Әжем, анам және мен», «Менің өнерім» визит карточкасы және «Өнегелі әже, тәрбиелі немере», «Шебер ана, еңбекқор бала» атты үш номинация бойынша өтті.
Қатысушылар аналарымен және әжелерімен бірге вокалдық, аспаздық және қолданбалы өнерлерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша Потанин орта мектеп оқушысы Дильназ Шокарова бірінші орынға ие болды.