Екібастұзда қанша үй жылусыз отыр?
Бүгін барлық көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде айтты.
– Бүгін Екібастұз қаласына келдім. 690 көпқабатты тұрғын үйдің ішінен 615-іне жылу берілді. Қалған 75 үйге жылу мен ыстық су бүгін береміз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 50-55 үйді кешке қарай қосылады, ал қалғаны бойынша жұмыс атқарылуда, – деді аймақ басшысы.
Оның сөзінше, 90 әлеуметтік нысанның бесеуінде жылу мен ыстық жоқ. Бұл – екі мектеп, екі балабақша мен колледж. Сондай-ақ 5700 жеке тұрғын үйдің 3600-іне жылу берілді. Қалған үйлерге жылу жуық арада қосылатын болады.
Айта кетейік, Екібастұз қаласын жылытуға қосу мәселесі Асайын Байхановтың ерекше бақылауында.