Өкінішке толы өмір: Павлодарда «Ананың көз жасы» фильмі көрсетіледі

Өкінішке толы өмір: Павлодарда «Ананың көз жасы» фильмі көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нашақорлық туралы фильмнің көрсетілімі қала студенттеріне арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтар күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Ананың көз жасы» атты фильмнің көрсетілімі өтеді. 

Фильм нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зардаптары, жақын жандардың жан күйзелісі және тағдырды өзгерте алатын таңдау туралы баяндайды, – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, туындының басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырып, қатерлі дерттің қоғамға тигізер зардабын ашып көрсету.