Ақтоғайда жасөспірім суға батып кете жаздады

Ақтоғайда жасөспірім суға батып кете жаздады

Ол ата-анасыз жағажайда демалған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 1 тамызда Ақтоғай ауылының тұрғыны 33 жастағы Марат Жүсіпбеков  жағажайда демалып жүрген кезде жасөспірімнің суға батып бара жатқанын көреді. 

– Ер адам дереу көмекке ұмтылған. Марат Жүсіпбеков өз басын қатерге тігіп, 12 жастағы жасөспірімді жағаға шығарады, – дейді департаментте.  

Батып бара жатқан бала достарының ортасында,  ата-анасыз болған еді.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті.