Павлодарда жерасты өткелінде бұзақылық жасағандардың ата-аналары жауапқа тартылды

Павлодарда жерасты өткелінде бұзақылық жасағандардың ата-аналары жауапқа тартылды
Фото: Константин Шелков

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды.

- Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілдерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша хаттама толтырылды, – дейді полиция өкілдері.

Аталған баптың санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді, бұл – 43 250 теңге.

Еске сала кетейік, жасөспірімдердің әрекеті павлодарлықтардың наразылығын тудырды. Видеода бір топ жасөспірім жерасты өткелімен өтіп бара жатып, олардың біреуі төбедегі торлы құрылымға асылып, салдарынан салмақты көтере алмаған бөлектің жартысы майысып кеткен.

Айта кетелік, қаладағы жалғыз жерасты өткелін қайта жаңғыртуға қалалық бюджеттен шамамен 30 миллион теңге жұмсалған. Жұмыстар қала инфрақұрылымының қауіпсіз әрі заманауи нысанын жасауға бағытталған. Қайта жаңарту барысында ескі элементтер алынып, ішкі және сыртқы әрлеу жаңартылды, баспалдақ сатылары ауыстырылды, электрлік пандустар мен бейнебақылау камералары орнатылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)