«Өзбекәлі» спектаклі павлодарлық көрермендерге жол тартады

«Өзбекәлі» спектаклі павлодарлық көрермендерге жол тартады
Фото: Ұйымдастырушыдан

Туындыда ұлттық мұра мен тұлға тағдыры қатар өріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына арналған «Өзбекәлі» спектаклі көргеннің көңіл қылын дөп шертетін бірегей туынды.  Талант театры ұжымының қыз-жігіттері тарихи қойылымды өткен жылы ел назарына ұсынған болатын. Бүгінде үлкен сұранысқа ие болған қойылым еліміздің  18 қаласын қамтитын ауқымды гастрольдік сапарға шықты.

Сахналық жұмыста қайраткердің ұлттық мұраны жаңғырту жолындағы еңбегі мен тұлғалық болмысы әсерлі баяндалады. Спектакльде 8 актер өнер көрсетеді, ал басты рөлді Диас Жағыпаров сомдайды.

Мерейтой аясында қайта ұсынылып отырған жоба ел өңірлерін аралап, көрерменге тарихи тұлғаның өмір жолын жаңа қырынан танытуды мақсат етеді.

Бастама жеке кәсіпкер Қайрат Тажақынның қолдауымен жүзеге асуда.

Қойылым 5 сәуір күні сағат 19:00-де Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында сахналанады.

Аяужан Жетес