Өңірдегі тауар өндірушілер Павлодардағы жәрмеңкеге қатысады
Ауылшаруашылық жәрмеңкесі үш қала мен он ауданда ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласында 20 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
— Жәрмеңкеге Железин, Теренкөл, Шарбакты, Павлодар аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, - делінген хабарламада.
Сенбі күні осындай жәрмеңке Екібастұз, Ақсу қалаларында және облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.
Облыс орталығындағы жәрмеңке Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында) Jailau базарында болады.