Құрбан айт: Павлодарда «Құлагер» ипподромына №42 автобус бағыты ұзартылады

Құрбан айт: Павлодарда «Құлагер» ипподромына №42 автобус бағыты ұзартылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында құрбандық шалу рәсімін ұйымдастыру үшін «Құлагер» ипподромы аумағында арнайы орын бөлінді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Құрбандық шалу рәсімін өткізу үшін арнайы орын мамандандырылған қызметтердің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тұрғысынан тексеруден өтті. Құрбандық шалу рәсімі сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі.

–  Құрбан шалатын орынға №1, 3, 6, 7 маршрут бойынша жүретін трамвайлармен жетуге болады. Сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін мереке кезеңінде №42 автобус бағыты ұзартылады, – деп жазылған хабарламада. 

Құрбандық малды союға санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, арнайы бөлінген жерде ғана рұқсат етіледі. Рұқсат етілмеген жерлерде, оның ішінде тұрғын үйлердің аулаларында, кіреберістерде, пәтерлерде құрбандық малды союға жол берілмейді. Тұрғын үйлердің аулаларында, кіреберістерде, пәтерлерде құрбандық малын сатуға жол берілмейді.

Қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады: Call-center +7 (775) 616 18 22. Whatsapp +7 (778) 288 92 78. Бірыңғай байланыс орталығы 109.

Еске сала кетейік, биыл Құрбан Айт мерекесі 28 маусымда басталып үш күнге созылады. 28 маусым күні сағат 7.00-де қала мешіттерінде «Айт намазы» оқылады.