Павлодардың Құрметті азаматы су тасқынының салдарымен күрескендерге алғыс айтты
Ол бірлескен және үйлесімді өзара әрекеттесудің арқасында қысқа мерзім ішінде қиындықты еңсере алатынмызға сенімді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаев Мемлекет басшысының қалыптасқан жағдайды тезірек шешу жөніндегі қадамдарын оң қабылдады.
– Кейбір өңірлердегі біздің отандастарымыз табиғи құбылысқа - су тасқынына тап болды. Адамдар үйлерін тастап, кетуге мәжбүр болып жатқанына жаным қиналуда. Тыныштық таппай, алаңдаулы отырмын,– деп бөлісті ол.
Оның сөзінше, билік органдарының, мамандандырылған бөлімшелер қызметкерлерінің, еріктілердің іс-әрекеттерінің үйлесімділігіне байланысты жағдай тез арада шешілу тиіс.
– Су тасқынының салдарын жоюға жұмылдырылған мамандандырылған бөлімшелердің жеке құрамына, сондай-ақ біздің халқымызға көмекке келген еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс айтқым келеді,– деді Кенже Кеңесбаев.
Еске сала кетейік, Екібастұз еріктілері және «Қазақстан Қызыл Ай» филиал қорының еріктілері зардап шеккендерге көмек қолын созуда. Олар азық-түлік, резеңке етік, жылытқшытарды жеткізіп жатыр.