Қарды уақытылы тазаламаған павлодарлық кәсіпкерлерге қандай жаза көзделген?
Қыс мезгілі жақындаған сайын, жауын-шашын мөлшері артып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі шағын және орта бизнес өкілдерін жауын-шашынның көп болуына байланысты шаралар қабылдау керектігін ескертеді.
– Іргелес аумақтан, яғни ғимараттардан, құрылыстардан, бизнес-объектілердің жалға берілетін алаңынан, жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарға, қарды уақтылы тазалау және шығару, сондай-ақ әлеуметтік және сауда орындарындағы кіреберіс жерде мұздақтарды жою қажет,– деді бөлім мамандары.
Жалпы пайдаланымдағы жерлерде қар мен мұздақтарды жинауға жол берілмейді. Ережелерді бұзған кәсіперлерге ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес, абаттандырудың көрсетілген қағидаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға- 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.