«Қазақстан – бақыт мекені»: Павлодарда Алғыс айту күніне орай концерт өтті

«Қазақстан – бақыт мекені»: Павлодарда Алғыс айту күніне орай концерт өтті
Фото: автор

Іс-шараға жүзден астам әртіс қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Достық үйінде ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Алғыс айту мерекесіне арналған концерттік бағдарлама өтті. Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары», этномәдени бірлестік мүшелері мен «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымдары қатысты. 

Осыған орай, 1 наурыз – бірлік пен келісімді және этносаралық өзара іс – қимылды нығайту институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.  

– Қазақстан халқы Ассамблеясы 29-шы туған күнін атап өтуде. Этномәдени бірлестіктердің барлық әртістері, белсенділері, түрлі ұлттардың жастар ансамбльдері мемлекеттік тілде «Мен – қазақпын» әнімен ән шырқайтын болады. Мерекелік концертке жүзден астам әртіс қатысты,  – дейді Павлодар облысы ҚХА Төрағасының Қоғамдық орынбасары Рамиль Исмаилов.

Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты – мейірімділік, достық, ризашылық, азаматтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі сияқты адами құндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту. 

– Мереке аясында 21 ақпан мен 1 наурыз аралығында онкүндік өткізілді, – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының медиа орталығының басшысы  Гүлжанат Жеңісқызы.

Оның айтуынша, «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» бейнероликтер түсірілімі, «Тарих ғибраты» сабақтарының онкүндігі; «Алғыс айту – парызың...» мектеп оқушылары арасында шығармалар байқауы, «Туған жерім – жүрегімде!» шетелде тұратын қазақстандықтардың онлайн-құттықтаулары; «Қайырымдылық керуені» аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, көше тазалаушыларға шәй, ыстық бауырсақтар таратылды. 

Сондай-ақ, мереке қарсаңында облыс әкімі аппараты басшысының Алғыс хатымен «Тарас Григорьевич Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Неумывако, славян мәдени орталығы «Шиллер хорының ардагерлері» ұжымының жетекшісі Дмитрий Козлов, Қоғамдық келісім мекемесінің вокалдық маманы Гүлназ Омарғали, «Поречье» вокалдық ансамблінің жетекшісі Сергей Князев, грек этномәдени бірлестігі «Маргаритари» вокалдық ансамблінің жетекшісі Юлия Соловьева марапатталды.

Айта кетейік, Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және қоғамдық келісімді сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін терең және ризашылығын білдіреді.