Қазақстанда кедейлік шегі өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz .
2024 жылы 20 желтоқсаннан бастап «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» 2023 жылғы 19 мамырдағы бұрынғы құжатқа өзгерістер енгізілді.
«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалды», – делінген құжатта.
Жаңашылдықтар 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұл өзгерістер азаматтардың қажеттіліктерін нақтылауға және аймақтық ерекшеліктерді ескеруге бағытталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомстволарға бұйрықтың Әділет министрлігінде тіркелуін, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде жариялануын және департаменттің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етуді міндеттейді.