Қазақстанның Халық кеңесі қоғам бірлігінің кепілі болады
Өз пікірімен Успен ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Александр Ви бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Спикердің пікірінше, Мемлекет басшысының Қазақстанның Халық кеңесін құру туралы бастамасы – ел бірлігін нығайтуға және жалпыұлттық сұхбатты тереңдетуге бағытталған стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі уақтылы жасалған қадам.
– Ассамблея мен Ұлттық құрылтай жылдар бойы қоғамды ұйыстыру мен этносаралық келісімді нығайтудағы тарихи миссиясын абыроймен атқарды. Бүгінде жинақталған тәжірибені біріктіріп, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылауға халықтың барлық жігін тартудың жаңа институционалдық деңгейіне өту – қисынды шешім, – деді Александр Ви.
Халық кеңесінің құрамында этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдар мен өңірлердің тең өкілдігінің қамтамасыз етілуі ерекше маңызға ие. Бұл түрлі этностар мен буындардың пікірін ескеруге мүмкіндік беретін нақты алаңға айналып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен әділдік қағидатын нығайта түспек.
Этномәдени бірлестіктер үшін стратегиялық сабақтастықтың сақталуы – қазақ мемлекеттілігі мен Тәуелсіздікті нығайту бағытының мәдени әртүрлілік пен дәстүрлі құндылықтарға деген құрметпен ұштасуы өте маңызды. Ақсақалдар мен беделді тұлғалардың бұл іске атсалысуы заманауи басқару тәсілдерін халықтың даналығымен және тарихи жадымен үйлестіруге жол ашады.
Александр Ви Қазақстанның Халық кеңесі қоғамды шоғырландыратын, шешімдердің сапасын арттыратын және еліміздің тұрақты дамуы мен тұтастығына қомақты үлес қосатын тиімді жоғары консультативтік органға айналатынына сенім білдірді.