Түркістан облысында суға батып кеткен 11-адамның денесі табылды

Түркістан облысында суға батып кеткен 11-адамның денесі табылды
Сурет: ҚР ТЖМ

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, Түркістан облысында соңғы батқан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін сағат 14: 56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды.

Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті. Оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар. 

"ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды", - деп ескертті ТЖМ.

21 тамыз күні Түркістан облысы, Отырар ауданы, Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті.  Қайтыс болғандардың арасында төрт жасар қыз да бар.