«ҚазАвтоЖол»: Павлодар облысындағы филиалдың қызметкерлері тергеліп жатыр

«ҚазАвтоЖол»: Павлодар облысындағы филиалдың қызметкерлері тергеліп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Олар жемқорлық бойынша айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022-2023 жылдары аралығында бір факт тіркеліп, Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері жемқорлық бойынша күдікке ілінді.

- Бұл дерек бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жемқорлық іс-әрекеттердің алдын алу және болдырмау мақсатында компанияның ішкі аудит қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комплаенс-қызметімен бірлесіп барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттердің қызметін тексеріп жатыр. Ішкі тексеріс барысында бірқатар жол пайдалану учаскесі басшыларының жұмысында заң бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, басшыларға Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады. Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етеді», - дейді компанияның баспасөз қызметі.

Ақпаратта айтылғандай ішкі тексерістің өз талаптары бар.

«Ішкі тексеріс кезінде барлық жол-пайдалану учаскелерінің қызметкері жұмыс орнында болды. Күре жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары қалыпты режимде жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар, былтырдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жою үшін біздің компания жұмыс процестерін толық цифрландыруды қолға алды», - дейді Ұлттық компаниядан.