Қоқысты сұрыптау, әуежай: Павлодарлық оқушылар жобаларын таныстырды

Қатысушылар 28-ден астам жоба ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Бес ғажайып сәт-2025» қалалық байқауының IV туры аясында № 14 орта мектепте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Жас кәсіпкерлер: бизнес-идеялар» байқауын ұйымдастырды.
Қаланың 28 жалпы орта білім беретін мектебінің 84 талантты оныншы сынып оқушыларының ерекше идеялары мен батыл қадамдары басты назарда болды, ол креативті идеялардың, шығармашылық бастамалардың нағыз фестиваліне айналды.
– Қатысушылар 28-ден астам жобаны таныстырды. Олардың идеялары экология, білім, жаңа технологиялар, әлеуметтік тақырыптар мәселелеріне қатысты. Әр қойылымда жаңашыл идеялар, өзекті мәселелерді шешудің бірегей тәсілдері және қаланың дамуына үлес қосуға ұмтылу байқалады, – деп атап өтті қазылар алқасының мүшелері.
Байқау қорытындысы бойынша «Fastcart» – жаңа буын визитка, «Tarlanshop-PVL» – компьютерлік кесте жобаларымен Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия мен Ж. Тәшенев атындағы мектеп оқушылары І орын алды.
№ 2, 11, 17, 36 мектептердің, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің, Кенжекөл мектебінің командалары «Boostlab» – оқыту онлайн платформасы, «Gamig CoFe» – үстел ойындары дәмханасы, «Seventen» – жүк тасымалдау, «Конспектілі сайт дайындау», «Тапсырысқа пісіру», «Safetalkai» – буллингпен және зорлық-зомбылықпен күрес қосымшасы, «Шам жасау» жобаларымен ІІ орынды иеленді.
«EcoReward» – қоқысты сұрыптау, «Маникюр», «Заттарды дропшипингтеу және өз стилін жасау», «Speechdoktor» – сөйлеу дағдылары ағылшын тілі, «Батик», «Таза терезе» робот машинасы, «DopindorPVI» онлайн-дүкені, «Жаңа буын әуежайы», «Маркетплейс», «Шиналарды қайта өңдеу» жобалары үшін № 5, 14, 18, 25, 26, 35, 39, 41, Б. Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы мектеп командалары ІІІ орынға ие болды.