Үндістан аппараты айдан күкірт тапты

Сондай-ақ Ай бетінде су мұзының бар екенін көрсетеді, деп хабарлайды 24.kz.
Ай кеңістігінде күкірттің бары анық. Чандраян-3 үндістандық аппараты арқылы осындай деректер анықталып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, күкіртті минералдың ішінде немесе кристалдың бөлігі ретінде емес, Ай бетінің өзінде өлшенгені «үлкен жетістік».
– Сондай-ақ Ай бетінде су мұзының бар екенін көрсетеді. Күкірт жақсы тыңайтқыш, сондықтан өсімдік өсуі де мүмкін, – дейді үндістандық ғалымдар.
Естеріңізде болса, Чандраян-3 аппараты Айға тамыздың 23-і күні қонған. Зонд топырақты зерттеп, тектоникалық өзгерістерді анықтау үшін ұшырылған болатын.