Ұялы телефон сатып алмақ болған павлодарлық алаяқтардың арбауына түсіп қалды

Ол арбаушыларлың шотына миллоннан астам қаражат аударған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісінде «Iphone 16 Pro max» екі ұялы телефонына тапсырыс берген қала тұрғыны алаяқтардың кезекті қулығына тап болды.
– Ол сілтеме бойынша өтіп, алаяқтардың жеке шотына 1160000 теңге сомасында қашықтан төлем жүргізген. Алайда, телефон келмеген және сатушының парақшасы жойылған. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына сатып алудан бұрын, басқа сатып алушылардан көрсетілген сатушы туралы, атап айтқанда, тауардың уақтылы жеткізілуіне, оның сапасына, тауарды қайтару жағдайларына, өтемақыға, кепілдік қызмет көрсетуге қатысты пікірлерді оқуға кеңес береді. Сондай-ақ, тауарды алғаннан кейін ғана төлемді жасауды ескертеді.