Павлодарлық полицейлер браконьерлерге қарсы кезекті рейдті бастады

Павлодарлық полицейлер браконьерлерге қарсы кезекті рейдті бастады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде жедел-алдын алу шарасы іс-шарасы 19 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары аңшылық шаруашылықтар мен алқаптарды бақылауға алады. Сонымен қатар, өңірге аң аулау мақсатында келген шетел азаматтары да тексеріледі.

Жолдарда патрульдік топтар жүргізушілерден қару мен оқ-дәрілерді сақтау және алып жүруге арналған рұқсат құжаттарын, сондай-ақ аңшылық, балық аулау, орман кесу және ағаш дайындау құжаттарын сұрайтын болады.

Ішкі істер органдарының басты ұстанымы – «Заң және тәртіп» қағидаты. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатын көздейді.

Заң бұзғандар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.