Әскери оқу орындарының бұрынғы студенттері онлайн өтінім бере алады

Әскери оқу орындарының бұрынғы студенттері  онлайн өтінім бере алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қызмет тегін көрсетіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Әскери оқу орындарының бұрынғы студенттері оқу орнына қайта қабылдау үшін eGov.kz порталында өтінім бере алады. Кемінде бір семестр оқуды аяқтаған студенттерге қолжетімді.

Енді қызметке өтінім онлайн түрде беріледі, ал қажетті құжаттардың басым бөлігі мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Өтініш беру бойынша толық нұсқаулықты карусельден таба аласыз. 

Айта кетейік, өтінімді оқу орнынан шығарылған күннен бастап тек бір жыл ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдау мүмкін болмайды.

Өтінішті қарау мерзімі – 20 жұмыс күні. Егер шешім оң болса, нәтиже жеке кабинетте қолжетімді болады. Қайта қабылдау мүмкін болмаса, студентке негізделген бас тарту жіберіледі.