Ақмола облысында хирургтар баланың ішегінен 39 бөгде затты алып шықты

Ақмола облысында хирургтар баланың ішегінен 39 бөгде затты алып шықты
Фото: ҚР ДСМ

Осылайша төрт жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ақмола облыстық балалар ауруханасының балалар хирургтары ішінен 39 магниттік шарды алып шыққан. 2 қаңтарда бала шұғыл түрде Зерендіден балалар ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы нашарлады. Бала іштің қатты ауырсынуынан зардап шегіп, қайта-қайта құсты. Рентгенде ішекте көптеген бөгде заттар анықталды. 

Балалар хирургы Сәлімжан Жақыповтың айтуынша, операция шамамен бес сағатқа созылған. 

– Баланың тоқ ішегі мен аш ішегі зақымдалып, перфорация мен перитонит тудыратын 39 магниттік шарик болды. Бөгде заттарды алып тастау және оның салдарын жою ауыр зақымдануға байланысты күрделене түсті, – деді дәрігер.

Операцияны хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді, тәжірибелі мамандар көмек көрсетті.

Дәрігерлердің біліктілігі мен уақтылы араласуының арқасында баланың өмірі сақталып қалды. 

Бөгде заттардың тыныс алу жолына немесе асқазан-ішек жолына түсуі ата-аналардың дәрігерлерге жүгінуінің жалпы себептерінің бірі болып табылады. Дәрігерлер мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше қарапайым, бірақ тиімді профилактика шараларын қолдануды ұсынады.