10 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі
Облыстың солтүстігінде, шығысында жауын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +7...+12, күндіз +18..+23 көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +9...+11, күндіз +20....+22 градус көрсетеді.