Павлодар облысында ауа температурасы нөл градусқа дейін түседі

Павлодар облысында ауа температурасы нөл градусқа дейін түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұман мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 9 қыркүйекте түнде +7...+12°С, ал күндіз +18...+23°С жылы болады. Облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, оңтүстігі мен шығысында бұршақ түседі. 

10 қыркүйекте ауа температурасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +18...+23°С-қа дейін көтеріледі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

11 қыркүйекте те жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +12...+17°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

12 қыркүйекте жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Ауа температурасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +8...+13°С болады. 

Сенбіде жаңбыр жаумайды. Сынап бағанасы түнде сынап бағанасы түнде 0... +5°С , ал күндіз +9...+14°С-ты көрсетеді. 

Жексенбіде де жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +1...+6°С, ал күндіз +12...+17°С болады.