Павлодарлық қызметкердің пара алғаны үшін ШҚО-ның бас инспекторы жазаланды
Биыл өңірде елуден астам шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінде мәлім етті.
Олардың ұсынысы бойынша өңірлік көліктік бақылау инспекциясының басшысы Асхат Ешімов сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның қарамағында жұмыс істеген жетекші маман жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден пара алғаны үшін сотталды. Ол соттың үкімі бойынша 7,5 миллион теңге төлеуі керек.
Кәсіпкерлер өздерінің ауыр жүктерін Павлодар облысы бойынша кедергісіз өткізу үшін 47 жастағы көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманына пара беріп отырған. Бүгінде Асхат Ешімов Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясын басқарады.
Биыл облыста мемлекеттік органдардың атына ҚР ҚПК-нің 200-бабы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну» бойынша 36 ұсыныс енгізілді. Тәртіптік жауапкершілікке 62 адам тартылды, олардың алтауы жұмысынан айырылып, 16-сы қатаң сөгіс алды, біреуі арнайы атаққа төмендетілді.