Іскерлік байланыстар: Павлодарлықтар Германияда тағылымдама өте алады
Серіктестік бағдарламасына өтінім беру басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновтің айтуынша, бағдарлама Қазақстанның шағын және орта бизнес басшыларына Германия нарығымен танысуға, іскерлік байланыстар орнатуға және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.
Өңір кәсіпкерлері құжаттарды 17 желтоқсанға дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасына тапсыра алады.
2025 жылы бағдарламаға келесі салаларда жұмыс істейтін компаниялардың басшылары қатыса алады:
- жасыл технологиялар;
- өнеркәсіп;
- ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі;
- медицина;
- экономиканың басқа да салалары.
Бағдарламаға қатысушылар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары буын басшылары және компанияның жылдық орташа табысы кемінде 10 000 АЕК (36 920 000 теңге) болуы керек.
Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе 1432 нөміріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.