12 тамызда Павлодар облысында күн жаңбырлы болады

12 тамызда Павлодар облысында күн жаңбырлы болады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы шығыс бөлігінде секундына 7-12 метр, оңтүстігінде 15/20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде  сынап бағанасы күндіз +21…+26 градусты көрсетеді. Оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. 

Павлодарда күн айнымалы бұлтты, жауын-жашын күтіледі. Ауа температурасы +23…+25 градус жылы болады.