Павлодарлықтарды этносаралық қақтығыстардан аулақ болуға үйретті

Павлодарлықтарды этносаралық қақтығыстардан аулақ болуға үйретті
Фото: автор

Өңірде мұндай келіспеушіліктер тіркелген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі..

Облыс орталығында этносаралық өзара іс-қимылды үйлестіру тақырыбында екінші семинар өткізілуде. Аталмыш іс-шараға ауылдық округ әкімдері, полиция қызметкерлері, мектептердің тәрбие жөніндегі меңгерушілері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен медиация кеңесінің мүшелері шақырылды. Этномедиация мен этносаралық қақтығыстардың алдын алуға «Елдесу және татуласу» бағдарламасы бойынша баса назар аударылуда. 

– Адамдармен тікелей қарым-қатынас жасайтын құрылымдар шақырылды. Олар этникалық бояумен қақтығыс туындаған жағдайда оны реттей алады. Бірақ бұл үшін осы семинарда алатын құралдар қажет, – деп түсіндірді облыстың медиация орталығының басшысы Динара Тастамбекова. 

Кәсіби жаттықтырушы-медиатор Гүлмира Нарбаеваның пікірінше, этномедиация Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде өзекті. 

– Қазіргі қоғамда әлеуметтік қақтығыстар көп факторлы сипатқа ие, – дейді Гүлмира Нарбаева. 

Оның айтуынша, этникалық құрамдас бөлігі бар кез келген қақтығыста экономикалық, саяси және басқа да бәсекелестік желілері тоғысады. Сондықтан этномедиация саласында дауларды балама реттеу бойынша білікті мамандарға ғана емес, кәсіби этномедиаторларға да қажеттілік бар. Бұл, сайып келгенде, этносаралық диалогты қолдауға және мәдениетаралық коммуникацияны жақсартады.