13 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Ауа температурасы түнде 2-4 градус салқын, күндіз 2-4 градус жылы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды.
Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, одан жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.