Imanbek платина дискін Павлодар музейіне сыйлады

Imanbek платина дискін Павлодар музейіне сыйлады

Жақын арада дискіні музей экспозициясынан көруге болады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тарапынан Грэмми иегері Иманбек Зейкеновке алтын дискін  музей қорына тапсыру туралы ұсыныс жасалған. 

– Әйгілі жерлесіміз көп ойланбастан 2021 жылы алған платина дискін музейге сыйлады. Жақын арада дискіні музей экспозициясынан көруге болады, – деді музейде.

Еске сала кетейік, Иманбек Зейкенов (Imanbek) осыдан екі жыл бұрын рэпер Saint JHN-тің Roses композициясына жасаған ремиксі үшін Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.  

Музыкант биыл наурыз айында алтын платина дискін Asar-Ume қайырымдылық қорына сыйлаған болатын. Музыкант «Sweet Dreams» әнін 2021 жылдың маусымында норвегиялық диджей Алан Уокермен бірге жазған. Композиция Италияда «алтын мәртебеге» ие болды.  

Алпыс үшінші Grammy сыйлығын марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті. Бұл марапат музыка саласында жылдың ең басты шарасы саналады және кино саласындағы «Оскар» сыйлығымен теңеседі.