16 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

16 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @ Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 метрге жетеді. 

Облыс бойынша түнде ауа температурасы + 2... + 7 ° C, күндіз + 10... + 15 ° C болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде + 4... + 6 ° С, күндіз + 13... + 15° C көрсетеді. Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.