Павлодар облысында осы аптада алғашқы қар түсуі мүмкін

Павлодар облысында осы аптада алғашқы қар түсуі мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 30 қыркүйекте жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -1...-6°С, ал күндіз +2...+7°С болады. 

1 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде қарға ауысатын жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Сынап бағанасы түнде -3...-8°С, ал күндіз +2...+7°С-ты көрсетеді.

2 қазанда да қарға ауысатын жаңбыр жауу мүмкін. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +5...+10°С-қа дейін көтеріледі.

3 қазанда күндіз жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -1...+4°С, ал күндіз +2...+7°С-ты көрсетеді. 

4 қазанда күн ашық болады. Ауа температурасы түнде -1...-6°С, ал күндіз +5...+10°С-қа дейін көтеріледі.

Жексенбіде де жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, ал күндіз +8...+13°С-ты көрсетеді.