Ақсуда жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды

Ақсуда жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Оқиға орнына бірден екі өрт сөндіру техникасы жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйекте сағат 12:20-да Зеленая көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

– Екі қабатты тұрғын үй отқа оранып, үй заттары мен жиһаздардың жанып жатқандығы анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен 27 литрлік екі газ баллоны сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Үйдің иелері сыртта болған, – дейді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 14:04-те толықтай жойылды

Оқиға орнында жеке құрамнан алты адам және екі техника  жұмыс істеді.