Павлодарлық санитарлық дәрігер оқулықтардың салмағы қанша болуы керек екенін айтты
Бастауыш сынып оқушысының оқулығының салмағы 300 грамнан аспауы қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оқу басылымдары бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы және қолданыстағы гигиеналық стандарттарға қойылатын талаптар бойынша сынақ хаттамасын толтырған кезде басып шығарылады.
5-6-сынып оқушыларының сөмкелеріндегі кітаптың салмағы 400 грамнан, 7-9-сынып оқушылары үшін 500 грамнан аспауы керек. Орта мектеп оқушысының оқулығының салмағы 600 грамнан аспауы керек.
Айта кетейік, санитарлық дәрігерлер оқу басылымының салмағынан асып кетуге рұқсат етілетінін, бірақ он пайыздан аспайтынын атап өтті.