16 шілдеде Павлодар облысында қатты ыстық, жаңбыр болады

16 шілдеде Павлодар облысында қатты ыстық, жаңбыр болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, аймақтың батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Түнде температура +17...+22, күндіз + 29... + 34 градус көрсетеді. 

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +19...+21, күндіз + 31...+33 градус болжанады.