16 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі

16 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі

Облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+12, күндіз +17...22  градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  Сынап бағанасы түнде +9...+11, күндіз +18...20  градус ыстық болады.