Павлодарда тарифтердің күрт көтерілуіне не себеп болды?

Павлодарда тарифтердің күрт көтерілуіне не себеп болды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

@Pavlodarnews.kz тілшісі оның анық-қанығын білді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Нұрлан Нұрмұратов павлодарлықтар алдында есеп берді. Оның сөзінше, әр жағдайды жеке зерттеу қажет.

5 ақпаннан бастап «Павлодарэнергосбыт» жаңа сараланған тарифті қолдана бастады, бұл жылу бағасының көтерілуіне себеп болуы мүмкін.

– Тариф әр үйдің ауданына байланысты қалыптасады. Егер адам 200 шаршы метрлік үйде тұрса, онда ол ең жоғары тарифпен шоттарды төлейтін болады. Егер тұтынушы 50 шаршы метрлік пәтерде тұрса, оның шотындағы сома айтарлықтай аз болады, – деді спикер.

Басқарма басшысы жылу бағасының көтеруіне көптеген факторлар себеп болуы мүмкін деп түсіндірді. Олардың бірі – есептегіштердің дұрыс жұмыс істемеуі немесе олардың мүлдем болмауы. Осындай жағдайларда тұтынушыларға стандарттарына сәйкес шоттарды есептептейді. Дегенмен, әрбір жағдайды жеке зерттеу керек.

Қаңтар айының басынан бері облыста жылу энергиясының тарифі 1,7 миллиард теңгеге, яғни 15,7 пайызға төмендеген. Нақты есептегенде, қосылған құн салықсыз бір Гкал үшін – 450 теңге.

– Жылумен қамту саласында тұрғын үй алаңының көлеміне қарай тарифтерді саралау жүргізіледі. Ауданы 100 шаршы метрге дейін үйлерге бекітілген тариф қолданылады, 100-ден 200 шаршы метрге дейін тариф бекітілген нормадан он пайызға өседі. Ауданы 200 шаршы метрден асатын үйлер үшін орташа сату тарифі қолданылады, – деп нақтылады Нұрлан Нұрмұратов.

Айта кетерлігі, Қазақстанда су және жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік стандарттары енгізілуде. Суды және жылуды үнемдеу мәдениетін арттыру мақсатында табиғи монополиялар туралы заңнамаға «әлеуметтік тұтыну нормалары» түсінігі енгізілді.