16 қыркүйекте Павлодар облысында күн бұлтты болады

16 қыркүйекте Павлодар облысында күн бұлтты болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жел солтүстік-батыстан соғады. Жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында екпіні 15–20 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, облыстың солтүстігінде түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз солтүстік, шығыс және орталық аудандарында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +8…+13°C, күндіз +15…+20°C болады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы шамамен +9…+11°C, ал күндіз +18…+20°C шамасында болады. Жаңбыр жаууы ықтимал.