Павлодарда кроссовер екі көше қиылысындағы қазылған шұңқырға түсті

Ол қоршауды байқамай қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктің шұңқырға түсіп кетуі бойынша тексеру жүргізілуде.
– 18 тамызда сағат 12.05-те Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі Н. Назарбаев даңғылы - Естай көшесінің қиылысымен жүріп келе жатып, маневр жасағанда қоршауды байқамай, шұңқырға түсіп кеткені анықталды, – деді департаментте.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.