Павлодар облысы алдағы аптада жылы болады
Алайда түнгі уақытта суық ауа райы сақталуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, жел негізінен оңтүстік-батыстан соғады.
16 мамырда облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде ауа температурасы +3…+8°, күндіз +20…+25° болады. Желдің жылдамдығы 9–14, кей жерлерде 15–20 м/с жетеді.
17 мамырда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жаууы ықтимал, ауа температурасы +1…+6°, облыстың батысында 1 градус суық күтіледі. Күндіз сынап бағаны +15…+20°-қа дейін көтеріледі. Бұл көрсеткіш үш күн сақталады. Жел күші сақталады, бірақ бағыты солтүстік-шығысқа өзгереді.
18–19 мамырда 1–6° суық күтіледі, ал облыстың оңтүстігінде +2° шамасында болады.
20 мамырда өңірдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде +3…+8°, күндіз ауа +20…+25°-қа дейін, ал оңтүстікте +28°-қа дейін жылынады. Жел оңтүстік-батыс бағытта 9–14, кей жерлерде 15–20 м/с жетеді.
21 мамырда облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде +5…+10°, облыстың батысында +2° болады. Күндізгі температура алдыңғы күнмен бірдей сақталады.
22 мамырда оңтүстікте және шығыста тағы да жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Түнде +1…+6°, облыстың батысы мен солтүстігінде 1° суық күтіледі. Күндіз +15…+20°, оңтүстікте +23° болады. Жел бұрынғыша оңтүстік-батыстан 9–14, ал оңтүстік пен шығыста 15–20 м/с болады деп болжануда.