18 қаңтарда Павлодар облысында күн бұлтты болады

18 қаңтарда Павлодар облысында күн бұлтты болады
Фото: Константин Шелков

Түнде -30 градус аяз күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сынап бағанасы түнде -25…-30 градусты көрсетсе, күндіз -17…-22 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.

Павлодарда түнде -26…-28 градус, ал күндіз -17…-19 градус күтіледі.